Иран Ислам ынтымақтастық ұйымына алғыс айтты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i11761-Иран_Ислам_ынтымақтастық_ұйымына_алғыс_айтты
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы қасиетті Мешхед қаласының ислам әлемінің келесі жылғы мәдени астанасы ретінде таңдалуын Ирандағы исламның мәдениеті мен өркенитінің символдарын басқа халықтарға таныстыруға берілген қолайлы мүмкіндік деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 26, 2016 13:00 Asia/Almaty
  • Иран Ислам ынтымақтастық ұйымына алғыс айтты

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы қасиетті Мешхед қаласының ислам әлемінің келесі жылғы мәдени астанасы ретінде таңдалуын Ирандағы исламның мәдениеті мен өркенитінің символдарын басқа халықтарға таныстыруға берілген қолайлы мүмкіндік деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні Ислам ынтымақтастық ұйымына Мешхед қаласын ислам әлемінің келесі жылғы мәдени астанасы ретінде таңдағаны үшін алғыс айтып: «Иран Сыртқы істер министрлігі осы исламдық мәдени міндеттің жақсы атқарылуына күш салады. 

Иранның «Мешхед – ислам әлемінің мәдени астанасы» атты шараның салтанатты түрде өтуіне талпынысы  мәдениет және өркениеттің әртүрлі салаларында ислам елдерінің бірлігі тереңдеп, тілеулестігінің артуына септігін тигізеді. Ислам әлемі бұл мұрсатты ұлттар мен ислам елдері арасында сыртқы дұшпанға қарсы біртұтастықты арттыруға пайдаланады»,-деп үміт білдірді.