Сауд Арабиясында өлім жазасы ұлғаюда
Сауд Арабиясындағы адам құқығын қорғаушы еуропалық ұйым Сауд Арабиясында өлім жазасының ұлғайғанын хабарлады.
Сауд Арабиясындағы адам құқығын қорғаушы еуропалық ұйым сәрсенбі күні осы елде 9 арабстандық жасөспірімнің өлім жазасына кесілу қаупі төніп тұрғанын хабарлады.
Адам құқығын қорғаушы осы ұйым Саудия үкіметінен бейтарап заңгерлер мен адам құқығын қорғаушылардың атсалысуымен өлім жазасы үкімдерін ашық және жария түрде қайтадан қарауды талап етті.
Сауд Арабиясындағы адам құқығын қорғаушы еуропалық ұйым халықаралық қауымдастықтан Сауд Арабиясында өлім жазасы үкімі орындалуына тосқауыл болуды сұрады.
Қазіргі кезде 50- ден астам кісіге Сауд әулеті режимін сынауы және оған наразылық танытуына байланысты өлім жазасы қаупі төніп тұр.
Сауд әулеті режимі 2016 жылдың басынан бері 106 адамға өлім жазасына кескен үкімді орындады.