Шіл 31, 2016 16:24 Asia/Almaty
  • Хашд ал-Шааби күштері Мосулды азат ету амалдарына дайын

Ирак Премьер-министрінің бұйрығымен бір мезгілде Хашд ал- Шааби күштерінің мыңдаған мүшесі Ирактың солтүстігіндегі Мосулды азат етуге қатысу үшін осы елдің батысындағы Рамади қаласына келіп жетті.

Ирактың бір қауіпсіздік дереккөзі Хашд ал‑Шааби күштерінің ауыр қарумен жарақталған 5000 мүшесінің Рамади қаласына келіп, ирактық күштердің бақылауындағы әл-Бузиаб, әл-Хамезие және әл-Буисе аудандарында орналасқанын хабарлады.  

Басқа жағынан, Ирак Қорғаныс министрлігінің ресми сайты осы елдің Қорғаныс министрі  Халед әл‑Убейдидің «Бадр» ұйымының (ерікті халықтық күштердің ең үлкен тармақтарының бірі) Бас хатшысы Хади әл-Америмен кездескенін хабарлады. Кездесуде Мосул қаласының қауіпсіздік жағдайы мен осы қаланы азат етудің әртүрлі әскери жоспарлары талқыланды. Ирактың  Қорғаныс министрі, сондай-ақ, коалиция күштерінің Мосулды азат ету амалдарына қатысуына қарсылық білдірді.   

Тегтер