Ғасеми: Арабстан үкіметі Мина апатына қатысты жауап беруі керек
(last modified Thu, 04 Aug 2016 15:22:02 GMT )
Там 04, 2016 21:22 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Арабстан үкіметі Мина апатына қатысты  жауап беруі керек

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Арабстан үкіметінің өткен жылғы Мина апатына қатысты шынайы түрде жауап беруі керектігін қуаттады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта «Өткен жылдағы Мина қайғылы апатының орын алуының жауапкершілігі Арабстан үкіметінің біліксіз басшыларының мойнында. Олар осы салада шынайы түрде жауап беруі керек» деді. Ғасеми Мина апатында қаза тапқандардың 120 отбасы тарапынан Иран СІМ-не хат жолданғанына тоқталып, олардың қайғыларына ортақтастық білдіріп: «Иран СІМ осы апатты саяси және құқықтық тұрғыдан қадағалау міндетін күн тәртібіне қойған. Бұл мәселе әлі өзектілігін жойған жоқ. Осы аяда тақырыпты халықаралық ұйымдарда баяндаумен қатар, Арабстан үкіметінің Мина апатына қатысты жауапкершілігін мойындарына алғызу үшін елдің өзінің және халықаралық білікті қорғаушылардың кеңестерін пайдалану әрдайым назарға алынып, осы салада тиісті талпыныстар жасалуда» деді. 

Тегтер