Там 05, 2016 17:03 Asia/Almaty
  • Палестиналықтар бірнеше араб елінің Израильмен ортақ жаттығу өткізуіне реакция білдірді

Палестиналық топтар БАӘ мен Пәкістанның сионистік режим әскерімен ортақ жаттығуға қатысатынын айыптап, мұны палестиналықтарды жаппай қыруға берген заңды рұқсат деп атады.

«Құдс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, палестиналық топтар бір мәлімдемеде: «БАӘ мен Пәкістанның сионистік режим армиясының қатысуымен АҚШ жерінде өтетін әскери жаттығуға баруы араб және ислам халықтарының ашу-ызасы мен жиренішін тудырады. Бұл сионистік режим әскері тарапынан палестиналықтарды жаппай қыруға рұқсат беру болып саналады.

Әскери қарым-қатынасты қалыпты жағдайға енгізу  сионистік дұшпанмен байланысты жақсартудың ең қатерлі түрі және Палестина мәселесін қолдауға қайшы болып саналады»,-деп қуаттады.

«Қызыл ту» атты бұл әскери жаттығу АҚШ, Пәкістан, БАӘ мен Испания әуе күштерінің қатысуымен екі аптадан кейін АҚШ-тың Невада штатында өтеді деп жоспарлануда.   

Сионистік режимнің бірнеше елмен бірге әуе соғысына ұқсатып, ортақ ірі әскери жаттығулар өткізіп жатқанына екі жыл  болды.  

Тегтер