Лаңкестер өз жаралыларын Израильде емдейтіндіктерін мойындады
Лаңкестер өз жаралыларын Израильдің ауруханаларында емдейтіндіктерін мойындады.
«Al-Alam» ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, сириялық қарулы қарсыластар тобының медицина жөніндегі басшысы Жамал әл-Сиасане: «Иордания үкіметінің жаралыларға өз өткелдерін жапқанына 40 күннен асты. Соның салдарынан олардың бірқатары қаза болды.
Жаралы лаңкестер емделу үшін Израиль басып алған Палестина жерлеріне баруға мәжбүр.
Қарулы адамдар Израильде емделген соң Сирияға қайтып оралады»,-деп мәлімдеді.
Сионистік режим Сирияның оңтүстігіндегі Дерааға жақын жердегі әл-Қанитара өткелінен жаралы лаңкестерді өз ауруханаларына тасымалдау үшін өз тыңшыларын пайдаланады.
Осыдан бұрын сионистік ақпарат көздері мен қайраткерлері Израильдің ауруханаларында жаралы лаңкестердің емделетінін хабарлаған болатын.
Сионистік режим Сириядағы лаңкестерге әрдайым қаржылай және қару-жарақпен қолдау көрсетіп келеді.