Сауд Арабиясы әуе шабуыл жасап, Йеменнің халқын қырып жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i12532-Сауд_Арабиясы_әуе_шабуыл_жасап_Йеменнің_халқын_қырып_жатыр
Сауд Арабиясы армиясының Йеменнің астанасы Сананың маңындағы аймақтарға әуеден жасаған шабуылында көптеген йемендік қаза болып, жараланды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 09, 2016 02:50 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы әуе шабуыл жасап, Йеменнің халқын қырып жатыр

Сауд Арабиясы армиясының Йеменнің астанасы Сананың маңындағы аймақтарға әуеден жасаған шабуылында көптеген йемендік қаза болып, жараланды.

 Сауд Арабиясы армиясының қырғи ұшақтары жексенбі күні кешке Йеменнің астанасы Сана облысының тоғызыншы аймағында тұрғын аймақтар мен базарды бомбалады. Соның салдарынан кем дегенде 30 йемендік өліп, бірқатар адам жараланды.

Өзге бір мәлімет бойынша, Йемен армиясы мен халықтық күштері  саудиялықтардың шабуылдары мен қылмыстарының қарымтасы ретінде Сананың тоғызыншы аймағында Саудия жалдамалы күштерінің шабуылдарын сәтсіздікке ұшыратты. Осы шабуыл барысында кемінде 60 саудиялық жалдамалы күш өлтірілді.

«Саде Пресс» ақпарат торабы да Сауд Арабиясының оңтүстігінде Джизан және Наджран аймақтарында Йемен армиясы және халықтық күштерімен шекаралық қақтығыстарда 11 арабстандық сарбаздың өлтірілгенін хабарлады.

«Alalam» телеарнасы да Саудия жүйесі Йемен армиясы мен халықтық күштерінің Наджран, Асир және Джизанда шабуылдарына тосқауыл қою үшін Мариб және әл- Джауфтен өзінің 2500 жалдамалы күшін шақырғанын хабарлады.