Ғази Аскар: Саудиялықтар қажылықты саясиландырмасын
Мәртебелі жетекшінің Иранның қажылық және зиярат ісі бойынша өкілі Саудия қайраткерлеріне қажылық рәсімін саясиландырмауды ескертті.
Мәртебелі жетекшінің Иранның қажылық және зиярат ісі бойынша өкілі худжат ул-ислам уа ал-муслимин сейіт Әли Ғази Аскар Иранның бірінші телеарнасының «Бір көзқарас» атты бағдарламасында мәртебелі жетекшінің Иранның Қажылық және зиярат ісі бойынша өкілдігінің міндеттеріне сілтеме жасап: «Саудиялықтар Иранның қажылық және зиярат ұйымының басшыларымен келіссөзде Иран халқының ғиззаты мен абыройына қайшы келетін талаптар қойды. Көптеген мәселелер, соның ішінде виза және қажылардың қауіпсіздігі мәселесі бұлыңғыр күйінде қалды. Саудиялықтар қажылықты саяси құрал ретінде пайдаланады. Мысалы, шиіт мазхабына қарсы кітаптар таратып, жұма намазының құтпалары мен Бағиде шиіттерге тіл тигізеді. Иран қажылықта ислам үмбетінің бірлігі үшін талпыныс жасайды, бірақ саудиялықтар «Иран қажылықты саясиландырғысы келеді» деген уәж айтады» деді.
Мыңдаған қажы, соның ішінде ирандық 464 қажы 2015 жылдың қыркүйек айының жиырма төрті – Құрбан айт күні қажылық парызын өтеу кезінде Мина жерінде Сауд әулеті басшыларының нашар басқаруы салдарынан қазаға ұшырады.