Иран туристерінің Түркияға саяхаттап баруға салынған тыйымның күші жойылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i12784-Иран_туристерінің_Түркияға_саяхаттап_баруға_салынған_тыйымның_күші_жойылды
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми ирандық туристердің Түркияға саяхаттап баруға салынған тыйымның күші жойылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 13, 2016 16:33 Asia/Almaty
  • Иран туристерінің Түркияға саяхаттап баруға салынған тыйымның күші жойылды

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми ирандық туристердің Түркияға саяхаттап баруға салынған тыйымның күші жойылғанын хабарлады.

Ғасеми: «Иран Түркия үкіметінің міндеттемелерін ескере отырып, осы елге туристік сапарларға салынған тыйымның күшін жойды. Сондықтан Иранның туристік агенттіктері өздерінің түркиялық әріптестеріне телефон шалып, осы елге турист жіберу жөнінде қажетті үйлестіру шараларын атқара алады.

Түркия үкіметі Ираннан туристердің келуіне ынталы болғандықтан ирандықтарды Түркияға келетін ең жақсы туристер санайды, сондықтан  олардың қауіпсіздігі мен жайлы орналасуына қатысты ирандық тарапқа көп уәде берді»,-деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы, сондай-ақ,  Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Түркияға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға тоқталып: «Бұл сапар сындарлы әрі екі ел халықтарының мүдделеріне сай болды. Онда екіжақты саяси мәселелер мен аймақтық және халықаралық тақырыптар талқыланды»,-деп мәлімдеді.