Шамхани: Иран шекараларындағы кез- келген әрекетке қатынас көрсетеді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i12844-Шамхани_Иран_шекараларындағы_кез_келген_әрекетке_қатынас_көрсетеді
Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "Шекаралардағы тұрақты қауіпсіздік Иранның қызыл сызығы болып табылады. Әскери және қауіпсіздік күштері шекараларда кез- келген қоқан-лоққыға қатынас көрсетеді" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 14, 2016 17:15 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иран шекараларындағы кез- келген әрекетке қатынас көрсетеді

Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "Шекаралардағы тұрақты қауіпсіздік Иранның қызыл сызығы болып табылады. Әскери және қауіпсіздік күштері шекараларда кез- келген қоқан-лоққыға қатынас көрсетеді" деді.

Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні Теһранда Ирактың Күрдістан аймағының ішкі істер басқармасының төрағасы Карим Санджариді қабылдауында: «Ирактың орталық үкіметінің стратегиялары шеңберіндегі Иранның осы аймаққа қолдау көрсету үдерісі өзгермейтін бағытта болып, әрдайым қиын әрі дағдарысты жағдайда тоқтаған жоқ» деді.  

Шамхани Иран мен Ирак Күрдістаны аймағының ортақ шекараларында әрекеттердің ұлғаюына алаңдаушылық білдіріп: «Иракта барлық халықтар мен діндерге ортақ қауіп – тәкфирлік лаңкестіктің пайда болуы мен рөл атқаруы тұрақты қауіпсіздіктің тұтас және біріккен Иракты күшейтумен ғана қамтамасыз етілетінін көрсетті» деді.

Ирактың Күрдістан аймағының ішкі істер басқармасының төрағасы Карим Санджари да кездесуде Иран ислам республикасының осы аймаққа қауіпсіздік, саяси және экономикалық тұрғыдан толассыз қолдау көрсетуіне алғыс айтып, Ирак  Күрдістанының Иранмен ортақ шекараларда қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше сезімталдықпен қарайтынын қуаттады.