Там 18, 2016 21:05 Asia/Almaty
  • Израильдік әскерилер батыс жағалауда палестиналықтармен қақтығысты

Иордан өзені батыс жағалауының солтүстігінде орналасқан Джанин қаласында Израиль әскерилері мен палестиналықтар арасында болған қақтығыстан ондаған палестиналық жараланды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні палестиналықтардың баспаналарын қирату мақсатында сионистердің ондаған әскери көлігінің Джанин қаласының оңтүстігіне кіруімен орайлас Израильдік әскерилер мен палестиналықтар арасында қақтығыс басталды.

Палестиналықтардың үйлерінің сионистік режим тарапынан қиратылуы 2016 жылы көзге түсерліктей ұлғайған. Осы режим үй салуға рұқсаты болмады деген желеумен палестиналықтардың баспаналарын қиратуда.

Сионистік режимнің палестиналықтардың баспаналарын қиратудағы негізгі мақсаты оларды өз отанынан көшіріп, олардың орнын қалашық тұрғындарымен алмастыру болып табылады.

 

Тегтер