Иран Түркиядағы лаңкестік жарылыстарды айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Түркиядағы жуырда болған лаңкестік жарылыстарды айыптады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні Түркияның Элязыг қаласы мен сәрсенбі күні кешке Ван қаласында бір топ бейкүнә адамның өлімі мен жаралануына себеп болған лаңкестік жарылыстарға көрсеткен реакциядам мұндай қылмыстардың ешқашан лаңкестердің мақсаттарына көмектесейтіндігін қуаттады.
Ғасеми Иран үкіметі мен халқының атынан Түркиядағы лаңкестік амалдарда құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып: «Лаңкестік шаралар аймақтағы ұлттардың лаңкестікпен күрес үшін анағұрлым бірігуіне себеп болады. Аймақта, әсіресе ислам елдерінде бейберекеттік тудырып, тұрақсыздандыру мақсатын көздеген жауыздар өз талпыныстарын күшейтіп отырған сынды. Үкіметтер мен аймақ халықтары қырағылықпен осындай бүлдіргі және адамзатқа қарсы шараларға қарсы парасаттылықпен қатынас көрсетуі тиіс» деді.