Ердоған: Гүлен Күрдістан жұмысшылар партиясымен сыбайлас
Түркия президенті: "Гүленнің жақтастары Күрдістан жұмысшылар партиясы мүшелері оған жауапты болған соңғы жарылыстарда рөл атқарды" деді.
«Пресс ТВ» арнасының хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні сөйлеген сөзінде: «Түркия Гүлен жақтастарының сыбайластығымен лаңкестік ұйымдар тарапынан ұйымдастырылған шабуылдарға тап болып отыр.
Гүленнің жақтастары бейсенбі күні Түркияның оңтүстік- шығыс аймақтарында 7 адамның өлімі мен 224 кісінің жаралануына себеп болған шабуылдарда Күрдістан жұмысшылар партиясымен сыбайлас болды.
ДАИШ тобы мен Күрдістан жұмысшылар партиясы және Фетхуллаһ Гүленнің жетекшілігіндегі ұйым арасында айырмашылық жоқ» деді.
Анкара 1999 жылдан бері өз қалауымен жер ауып, Америкада тұрып жатқан «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Гүленді 15- ші шілдедегі сәтсіз әскери төңкерістің негізгі себепкері деп атап отыр. Алайда Гүлен Түркиядағы соңғы әскери төңкеріске өзінің қатысын теріске шығарып отыр.