Сионистік режим Ливан Хезболласынан қорқады
Эксперттер кеңесінің төрағасы: «Ливан Хезболласы – сионистік режимнің өзі басқыншылығын кеңейтуі және АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарының орындалуы жолындағы мықты тосқауыл»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Эксперттер кеңесінің төрағасы аятолла Ахмад Жәннати жексенбі күні Теһранда Ливан Хезболласына мүше бір топ жастармен кездесуінде: «Қазіргі таңда Ливан Хезболласы аймақта АҚШ пен сионистік режимді үрейлендіретіндей күш-қуатқа қол жеткізді. Бұрын барша жұрт Израильдің әскери күш-қуатының зорлығы соншалықты, ислам елдерінің барлығы бұл режимді жеңе алмайды деген сенімде болған. Алайда Ливан Хезболласы саяси және әскери тұрғыдан осы басқыншы режимді жеңіліске ұшыратты»,-деп мәлімдеді.
Эксперттер кеңесінің төрағасы Иран Ислам революциясының әлемдегі басқа елдер мен қозғалыстарға шабыт беретін қуатын түсіндіріп: «Қазіргі таңда ислам халықтары бірлесе отырып, дұшпандарға қарсы тұра алады»,-деді.