Сионистік режим Ливан Хезболласынан қорқады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i13231-Сионистік_режим_Ливан_Хезболласынан_қорқады
Эксперттер кеңесінің төрағасы: «Ливан Хезболласы – сионистік режимнің өзі басқыншылығын кеңейтуі және АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарының орындалуы жолындағы мықты тосқауыл»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 22, 2016 10:36 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Ливан Хезболласынан қорқады

Эксперттер кеңесінің төрағасы: «Ливан Хезболласы – сионистік режимнің өзі басқыншылығын кеңейтуі және АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарының орындалуы жолындағы мықты тосқауыл»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Эксперттер кеңесінің төрағасы аятолла Ахмад Жәннати жексенбі күні  Теһранда Ливан Хезболласына мүше бір топ жастармен кездесуінде: «Қазіргі таңда Ливан Хезболласы аймақта АҚШ пен сионистік режимді үрейлендіретіндей күш-қуатқа қол жеткізді. Бұрын барша жұрт Израильдің әскери күш-қуатының зорлығы соншалықты, ислам елдерінің барлығы бұл режимді жеңе алмайды деген сенімде болған. Алайда Ливан Хезболласы саяси және әскери тұрғыдан осы басқыншы режимді жеңіліске ұшыратты»,-деп мәлімдеді.

Эксперттер кеңесінің төрағасы Иран Ислам революциясының әлемдегі басқа елдер мен қозғалыстарға шабыт беретін қуатын түсіндіріп: «Қазіргі таңда ислам халықтары бірлесе отырып, дұшпандарға қарсы тұра алады»,-деді.