Сауд Арабиясына қарайтын бір лаңкестік топтың басшысы өлтірілді
ИИР Барлау министрі Сауд Арабиясына қарайтын бір лаңкестік топтың басшысы Абухафас Балушидің өлтірілгенін хабарлады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Барлау министрі Махмуд Алави бейсенбі күні Құм облысы әкімшілік кеңесінің жиналысында: «Иранның қауіпсіздік және барлау күштерінің қырағылығының арқасында бір лаңкестік топтың Иранның қауіпсіздігін бұзуға бағытталған жоспары жеңіліс тауып, осы топтың басшысы Абухафас Балуши өлтірілді. Оның куәлік бойынша аты-жөні – Хишам Азизи»,-деді.
Алави Иранның шекараларындағы қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кейбір әрекеттерден тыңшылық ұйымдарының іздері байқалатынын айтып: «Кейбір деректер бойынша, тыңшылық ұйымдары лаңкестерге әрбір амал үшін 500 мың доллар төлейді. Егер олардың бірі өлтірілсе, оның жанұясына 10 мың доллар төлейді»,-деп мәлімдеді.
Иранның Барлау министрі АҚШ (CIA), сионистік режим (Моссад), Ұлыбритания (MI6) мен Сауд Арабиясының тыңшылық ұйымдарын Иранның қауіпсіздігін бұзуды көздейтін лаңкестерді демеушілер деп таныстырып: «Иранның оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысындағы шекаралардың маңында тәкфирлік лаңкестік топтардың болуы ИИР-ның қауіпсіздігіне ешқашан қатер төндіре алмайды»,-деді.