Иран Ирактың Кербала облысындағы лаңкестік жарылыстарды айыптады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирактың Кербала облысындағы лаңкестік жарылыстарды айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні ДАИШ-тың тәкфирлік-лаңкестік тобы тарапынан Ирактың Кербала облысында жасалған лаңкестік жарылыстарды айыптап: «Лаңкестер Ирактағы өздерінің ең соңғы күндерін өткізіп жатыр»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирактың үкіметі мен халқына және адамзатқа қарсы осы сұм оқиғада құрбан болғандардың жанұяларына тілектестік білдіріп: «Тәкфирлік лаңкестер Иракта өзінің соңғы күндерін өткізіп жатқан жағдайда жазықсыз халықты қырып жойып, осындай қылмыстар жасауда»,-деп мәлімдеді.
Бахрам Ғасеми осындай айуандық лаңкестік әрекеттерді лаңкестердің Ирактың армиясы мен халықтық күштерінен бірінен соң бірінің жеңілуіне реакциясы деп атап: «ИИР Ирактың үкіметі, армиясы, халқы мен халықтық күштерінің қолдауымен Ирак пен аймақта лаңкестіктің сұм саясының тезірек жойылатындығына үміт білдіреді»,-деді.