Иранның мұнай өндірісі ұлғаюда
Иранның Мұнай министрі Иранның қазір күніне 3 млн 850 мың баррель мұнай өндіріп жатқанын мәлімдеді.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане дүйсенбі күні кешке теледидарға берген сұхбатында: «Иран ислам республикасы инвестиция салу және құрылған жоспарлар бойынша мұнай экспорттаушы елдер арасында мұнай өндіруші екінші орынға жетуге талпыныс жасайды» деді.
Намдар Зангане сондай- ақ Иранның Иракпен ортақ мұнай кеніштері жөнінде: «Жасалған жұмыстардың арқасында Иракпен ортақ кеніштерден алатын 70 мың баррель мұнай қазіргі уақытта күніне 215 мың баррельге жетті. Алдағы алты айда осы көрсеткіш күніне 300 мың баррельге ұлғаяды.
Иран мен Ирак қазіргі кезде ортақ кеніштерде мұнай өндіру бойынша тең, бірақ ортақ кеніштерде мұнай өндіруде Иранның үлесін алдағы үш жылда күніне 700 мың баррельге жеткізуге талпыныс жасалуда» деді.
Иран Карун өзенінің батысында Иракпен мұнай мен газдың ортақ кенішіне, соның ішінде солтүстік және оңтүстік Яранға, солтүстік және оңтүстік Азадеган мен Ядаваранға ие.