Сауд Арабиясында бірнеше ирактық қажыға құрметсіздік көрсетіліп, бір адам қамауға алынды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i13753-Сауд_Арабиясында_бірнеше_ирактық_қажыға_құрметсіздік_көрсетіліп_бір_адам_қамауға_алынды
Ирактың ақпарат көздері Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері тарапынан бірнеше ирактық қажыға құрметсіздік көрсетіліп, бір адамның қамауға алынғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 31, 2016 13:13 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясында бірнеше ирактық қажыға құрметсіздік көрсетіліп, бір адам қамауға алынды

Ирактың ақпарат көздері Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері тарапынан бірнеше ирактық қажыға құрметсіздік көрсетіліп, бір адамның қамауға алынғанын хабарлады.

Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері сейсенбі күні Мекке қаласында ирактық қажылар мен зияратшылар орналасқан қонақ үйге баса-көктеп кіріп, олардың бірін соққыға жығып, артынан оны құрықтап, белгісіз жерге алып кетті. Бірнеше күн бұрын да Мәдина әуежайында Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері ирактық қажылардың шабадандарын тінтіп, қажылық рәсімдерді орындау туралы кітап ұстаған 3 ирактық зияратшыны тоқтатып, оларға құрметсіздік көрсетті.