Қыр 03, 2016 16:07 Asia/Almaty

Палестинаның Тұтқындар мен босатылғандар істері жөніндеі комитеті, Тұтқындар орталығы, «әл-Замир» тұтқындарды қолдау ұйымы мен «әл-Мизан» адам құқығы орталығы ортақ есепте өткен тамыз айында сионист басқыншылар тарапынан 516 палестиналықтың құрықталғанына тоқталып, қамауға алынғандардың арасында 73 бала, 10 әйел мен 2 бүлдіршін қыздың бар екендігін хабарлады.

Сионистік режимнің түрмелерінде жатқан палестиналық тұтқындардың саны мен олардың ауыр жағдайы туралы есептер мен статистикалық мәліметтерді жариялау  қоғамдық пікірді  режимнің Палестина халқына қарсы жасаған қылмыстарынан көбірек хабардар етеді.

Сионистік режим палестиналықтарды құрықтауды күшейткеннен кейін олардың арасында үрей мен қорқыныш тудыру арқылы оларды режимге қарсы шығуды жалғастырудан бас тартқызғысы келеді.

Палестина халқы сионистік режим құрылғаннан бастап ұдайы оның адамзатқа қарсы шовинистік саясаттарына ұшырап келеді. Сионистік режимнің басып-жаншу саясаттарының салдарынан жүздеген мың палестиналық осы режимнің түрмелерінде жатыр. Қазір де 7 мыңнан астам палестиналық аталмыш режимнің түрмелеріне қамалған.

Қылмыскер сионистік режим палестиналықтарды ұдайы құрықтау арқылы оларға қарсы көп зұлымдық жасап отыр және әйелдер мен балаларды  қамау арқылы Палестина халқына қарсы қылмыстарында ешқандай шек пен шекараны білмейтінін, әрдайым оларды көбірек қамауды көздейтінін көрсетті.

Израиль палестиналық тұтқындардың құқықтарын толығымен бұзып, оларды физикалық және рухани тұрғыдан әлсіретуге болатын заңдар шығарады. Сондықтан тұтқындар бостандыққа шыққаннан кейін сионистік режиммен күресу қуатынан айырылады. Палестиналық тұтқындар жатқан сионистік режим түрмелерінің нашар жағдайы және бұл режимнің  тұтқындарды қорқынышты тәсілдермен азаптауы тұтқындардың көбінің әртүрлі емделмейтін аурулар мен мүгедекке айналуына әкеліп соқтырды.

Палестиналық тұтқындар көптеген қиындықтарға ұшырағанына қарамастан, мықты ерік-жігермен үлгі боларлық табандылық танытып, Женева келісімінің баптарын бұзған  сионистік режимнің шынайы келбетін бұрынғыдан көбірек бүкіл әлемге танытып, бұл режимді әшкере етті.

Сионистік режимнің палестиналықтарды шынжырлап, түрмеге қамау арқылы олардың ерік-жігерін басудағы сәтсіздіктері осы режимнің  палестиналық күрескерлерге қарсы жеңілістер аясының кеңейе түскенін көрсетеді. Бұл жағдай сионистік режимнің жеңілістеріндегі қарсыласу қозғалысының рөлін айқындай түсті.

Палестиналық тұтқындарды босату тақырыбы да әрдайым  палестиналықтардың ең маңызды мәселелерінің бірі саналады. Олар соңғы жылдары палестиналық тұтқындармен тілектестіктерін көбірек жариялау арқылы ешқашан сионистік режимнің алдында тізе бүкпейтіндіктерін көрсетті.

Сионистік режимнің түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың наразылықтары олардың Палестина халқының интифазасына жақтасуының жалғасып жатқанын білдіреді. Палестина қарсыласу қозғалысының аты аңызға айналған тұлғалары  да осы режимнің  түрмелерін олармен күресу алаңына айналдырып отыр.

Аталған мәселелер сионистік режимнің  палестиналықтарды қырып-жою, оларға қатігездік жасау және оларды түрмеге қамау арқылы Палестина халқының сионистік режиммен күресуге бағытталған ерік-жігеріне бір сәтке де сызат түсіре алмайтынын көрсетеді.

 

Тегтер