Түркиядағы төңкеріс салдарынан қызметтен босатылғандардың саны 43000 адамға жетті
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i13963-Түркиядағы_төңкеріс_салдарынан_қызметтен_босатылғандардың_саны_43000_адамға_жетті
Түркиядағы сәтсіз төңкерістен кейін ауқымды тазарту жұмыстары барысында бұл елдің ресми ақпарат көздері мемлекеттік қызметтен босатылғандар санының 43 000 адамға жеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 04, 2016 10:41 Asia/Almaty
  • Түркиядағы төңкеріс салдарынан қызметтен босатылғандардың саны 43000 адамға жетті

Түркиядағы сәтсіз төңкерістен кейін ауқымды тазарту жұмыстары барысында бұл елдің ресми ақпарат көздері мемлекеттік қызметтен босатылғандар санының 43 000 адамға жеткенін хабарлады.

Al-Alam ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, ауқымды тазарту білім және тәрбие саласында 28 000, қауіпсіздік күштері, полиция мен жандармерия саласында 8 000, университет саласында 2 000, сот органы саласында 3300 қызметкерді, діни қоғамдардың 520 мүшесі мен  Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтін ондаған адамды қамтыған.

Бұл адамдар АҚШ-та тұратын оппозиционер Фетхулла Гүленмен байланыста болды немесе соған қарасты фракцияға саяси қызығушылық танытты деген айыппен жұмыстан босатылды.

Түркияда осынша адамды жұмыстан босату осы елде сәтсіз төңкеріскен кейін төтенше жағдай жарияланып, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның келісімінен кейін орын алып отыр.

Түркияда 15 маусымда болған төңкерістен кейін 35 000 жуық адам қамауға алынып, соның  ішінде сарбаз, полиция және сот қызметкері мен тілшіден тұратын 17 мың адам ресми түрде сотталу үшін Түркияның сот органдарына тапсырылды.