Иран Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің Мина апатына жауап беру қажеттілігін қуаттады
Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы: «Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мина апатында азаматтарынан айрылған елдердің алдында жауап беруге міндетті»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми сейсенбі күні де Сауд Арабиясының қажылық істері жөніндегі жоғары комитетінің басшысы міндетін атқаратын бұл елдің тақ мұрагері Мұхаммад бен Таифтың таяудағы уәждеріне реакция білдіріп: «Қажылық қауіпсіздігін қорғау туралы қуаттайтын Сауд Арабиясының тақ мұрагері өткен 2015-ші жылдың қажылық рәсімдерінде үкіметінің біліксіздігін есіне алып, жан түршіктірерлік Мина оқиғасында азаматтарынан айрылған халықтарға жауап қайтарсын. Саудиялық басшылар «Иран қажылық рәсімін саясаттандыруға әрекеттенуде» деген қисынсыз уәждерін қайталап, бір жыл бойы өз міндеттеріне жауап беруден бас тартуда»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің қисынсыз уәждеріне өкініш білдіріп: «Қажылық кезінде біліксіздік танытып, үлкен апатқа себеп болған басшылар әл-Харам мешітінің мыңдаған мейманының қаза болуына өкініш білдірмек түгілі, тікелей немесе жанама түрде аймақтың мұсылман халықтарын өздерінің алдамшы саясаттарының құрбаны етіп отыр»,- деп баса айтты.