Сауд үкіметінің саяси мақсаты – ислам үмбетінің арасына іріткі салу
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i14434-Сауд_үкіметінің_саяси_мақсаты_ислам_үмбетінің_арасына_іріткі_салу
Иранның діни жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі: «Ислам үмбеттніің арасына іріткі салу Сауд режимі саясаттарының басты мәселесі»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 12, 2016 11:00 Asia/Almaty
  • Сауд үкіметінің саяси мақсаты – ислам үмбетінің арасына іріткі салу

Иранның діни жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі: «Ислам үмбеттніің арасына іріткі салу Сауд режимі саясаттарының басты мәселесі»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның діни жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі Әли Қази Аскяр жексенбі күні Теһрандағы Арапа дұғасы және Мина шәһидтерін еске алу рәсімінде Сауд Арабиясының «Иран ислам әлеміне іріткі салуға әрекет жасауда» деген уәждерін теріске шығарып: «Бұл уәждер Сауд режимінің қажылықты басқара алмауын жасыру үшін айтылуда. Сауд әулетінің басшысы қажылық кезінде шиіттер мен сүнниттерге тіл тигізіп, адамдардың Алланың үйіне зиярат жасауға келгеніне қарамастан ирандық қажыларды мүшірік деп атады»,- деді.

Иранның діни жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі сондай-ақ, өткен жылғы қажылықта орын алған әл-Харам мешітінің үстіне құрылыс кранының құлауы мен Мина апатында 7 мыңнан астам, соның ішінде 477 ирандық қажының қаза болуына тоқталып: «Өткен жылғы қажылық кезіндегі Сауд Арабиясының біліксіздігінен орын алған оқиғалардың шығындарының орны еш уақытта толмайды»,- деп қуаттады.