Лаңкестер Сирияның тарихи ескерткіштерін Израильге тасымалдауда
Қыр 15, 2016 15:25 Asia/Almaty
Сионистік "Гаарец" газеті Сирияның ұрланған археологиялық ескерткіштерінің лаңкестер тарапынан Израильге тасымалданатынын жазды.
"Гаарец" газеті бір мақаласында Саддамның диктаторлық режимі құлатылғаннан кейін Ирактың тарихи ескерткіштерінің Израильге тасымалданып, олардың сол жердің сауда орталықтарында сатылғанына тоқталып, Сирияның ұрланған археологиялық ескерткіштерінің де ақырында Израильге тасымалданатынын мойындады. Осындай жағдайда Израильдің Мұражай экспонаттарын ұрлаудың алдын алу бөлімінің басшысы Итен Клин ДАИШ лаңкестік тобының тарихи ескерткіштерді бұзуды жалғастырып жатқанын мойындап: "Бұл топ Сирияның көне ескерткіштерін ұрлап, артынан сатып жібереді",-деді.
Тегтер