Кувейт парламентінің өкілі Сауд Арабиясының аймақтағы шараларын сынады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i15034-Кувейт_парламентінің_өкілі_Сауд_Арабиясының_аймақтағы_шараларын_сынады
Кувейт парламентінің өкілі Сауд Арабиясының Йемендегі шараларын тағы да айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 25, 2016 04:20 Asia/Almaty
  • Кувейт парламентінің өкілі Сауд Арабиясының аймақтағы шараларын сынады

Кувейт парламентінің өкілі Сауд Арабиясының Йемендегі шараларын тағы да айыптады.

Кувейт парламентінің өкілі әрі әділ соттауды қолдау халықаралық кеңесінің төрағасы Аболхамид Дәшти Сауд Арабиясын уахабизді ұстанатын үкімет деп атады.

«Араб әлемі және лаңкестікпен шайқас» деген форумда баяндама жасаған Дәшти Сауд Арабиясының аймақтағы шараларына қатысты реакциясында: "Сауд Арабиясының Бахрейн халқының революциясын басып-жаншуда Халифе әулеті режиміне қолдау көрсетуі оның басып-жаншушы ел екенін дәлелдеді" деді.

Кувейттің қылмыстық соты Аболхамид Дәштиді Сауд әулеті мен Халифе әулетінің адамзатқа қарсы шараларына наразылық танытқаны үшін Сауд Арабиясы мен Бахрейнге тіл тигізу желеуімен 25 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.