Йемендік әйелдер саудиялықтардың шабуылдарына наразылық білдіріп, шеру өткізді
Йемендік әйелдердің бір тобы Санада саудиялықтар шабуылдарының жалғасуына наразылық білдіріп, шеру өткізді.
Йемендік әйелдер осы елдің астанасы Сана облысында шеру өткізіп, саудиялық-америкалық коалицияның Йеменнің әйелдері мен балаларына қарсы рақымсыз қылмыстарының жалғасуын айыптап: «Саудиялық коалицияның Йеменнің әртүрлі облыстарындағы қылмыстары ешқашан йемендіктерді дұшпанға қарсы тұрудан, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғаудан бас тарттыра алмайды»,-деп қуаттады.
Саудиялық қырғи ұшақтар сенбі күні таңертең Йеменнің әртүрлі аудандарына жасаған шабуылында елдің солтүстігі мен батысындағы Сана, Сағде мен әл-Хадиде облыстарын 20 реттен артық бомбалады.
Сауд Арабиясының Йеменге бір жарым жыл бойғы шабуылдарында осы елдің шамамен 10 мың адамы қаза болып, 30 мыңға жуық адамы жараланды. Халықаралық ұйымдардың хабарлауы бойынша, құрбан болғандардың көбі қарапайым адамдар.