Араб бірлестігі Сирияны бөлуге қарсылық танытты
Араб бірлестігінің бас хатшысы Сирия елін бөлуге қарсылық танытты.
Араб бірлестігінің бас хатшысы Ахмад Әбуғейз егер Сирияны бөліп, ол шағын елдерге айналатын болса, Сирияда федералдық биліктің орнауын құп көретінін, бірақ осы елдің жер тұтастығының сақталып, ел үкіметінің елдің барлық жерінің өкілі болуы керектігін мәлімдеп: "Аймақтағы дағдарыстар жөніндегі араб елдері арасындағы келіспеушілік Араб бірлестігінің ықпалына кері әсерін тигізеді. Осы бірлестіктің Сирия дағдарысы туралы рөлі дағдарыс Қауіпсіздік Кеңесіне жеткен соң аяқталды. Пікірталас қазір АҚШ пен Ресей арасында шектелген" деп қуаттады.
Әбуғейз араб елдері арасында, соның ішінде Парсы Шығанағы өңіріндегі араб елдері арасында, әсіресе Мысыр мен Алжир арасында Сирияның келешегі жөнінде келіспеушіліктің бар екендігін мойындады.
Аймақтағы кейбір араб елдері Сириядағы лаңкестік топтарға қолдау көрсетуде АҚШ пен Батысқа ілесіп, дағдарыстың ұлғаюына және Сирияда жүздеген мың адамның босқындыққа ұшырауына себеп болып отыр.