Қарсыласу кезеңінің кинофестивалі әлемдегі тәуелсіз киногерлер үшін платформа
Қарсыласу кинофестивалінің 14- ші кезеңінің хатшысы бұл шараны әлемдегі тәуелсіз киногерлер үшін платформа деп атады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Қарсыласу кинофестивалінің 14- ші кезеңінің хатшысы Мұхаммад Хазаи осы шараның аяқталу рәсімінде сөйлеген сөзінде биыл осы байқауға Иран өнерпаздарымен қоса әлемнің 29 елінің өнерпаздарының да қатысқанын айтып, оны көңіл қуантарлық жайт деп атады.
Қарсыласу кино фестивалінің 14- ші кезеңінің аяқталу рәсімінде Хезболланың мәдени істер бойынша орынбасары шейх Әли Захер Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролланың жолдауын оқыды. Ливан Хезболласының бас хатшысының жолдауында: «Дұшпанның қарсыласу майданына қарсы шабуылдарға қарамастан бүгінде өнер мен ақпарат саласы белсенділерінің істері көбірек сезіледі. Осы саладағы өнімдер бұл бағыттың заңдылығын дәлелдей алады» деп жазылған.