Саудиялықтардың Йемендегі қылмыстары АҚШ-тың бақылауы және қолдауымен орын алуда
Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы: «Сауд режимі Йемен халқына қарсы қылмыстарының көбін АҚШ-тың бақылауымен іске асыруда. Шын мәнінде Йемендегі саудиялық қылмыстар АҚШ-тың қолдауымен орын алуда»,- деп қуаттады.
«Меһр» ақпарат агенттігінің «Әл-Минарға» сілтеме жасап, хабарлауы бойынша, жексенбі күні Санада рәсім өтіп жатқан мекенге шабуыл жасалғаннан бір күннен кейін Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып: «Санада орын алған адам өлімі шапқыншылардың Йемен халқына қарсы қылмыстарының тек бір бөлімі ғана. Сауд режимі АҚШ-тың бақылауымен йемендіктерге қарсы көптеген қылмыстарды іске асыруда.
Біздің қолымызда саудиялықтардың Санадағы қылмысқа қатысты екендігін дәлелдейтін мәліметтер бар»,- деп қуаттады. Ол сөзінің жалғасында үстемшіл мемлекеттерге: «Санадағы қылмыстар сендерді әшкере етіп, адам құқығы туралы уәждеріңнің бос сөз екендігін көрсетті»,- деді.