Сауд Арабиясының Йемендегі соғыс қылмыстарын қарастырудың қажеттігі қуатталды
Қаз 11, 2016 06:56 Asia/Almaty
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Сауд Арабиясының Йемендегі бейбіт азаматтарды қырған соңғы әрекетінің соғыс қылмысы ретінде халықаралық трибуналдарда қарастырылуы керектігін қуаттап:
"Сауд әулеті режимінің Йеменге әшкере түрде шапқыншылық жасауы соны тақырып емес. Саудиялықтар көп уақыттан бері Йеменнің қорғансыз халқына қарсы осындай шабуылдар жасап отыр. Йеменге шапқыншылықта өз мақсаттарына қол жеткізе алмаған Саудия билеушілері енді Йемен халқына қарсы қылмыстық шараларды күн тәртібіне қойып отыр" деді.