Йемен армиясы америкалық соғыс кемесіне шабуыл жасалды деген хабарды жоққа шығарды
Йемен армиясы йемендік күштер америкалық соғыс кемесіне зымырандық шабуыл жасады деген ақпараттарды негізсіз деп атады.
Йеменнің әскери қайраткерлері дүйсенбі күні осы ел армиясы америкалық соғыс кемесіне шабуыл жасады деген ақпаратты теріске шығарып: «Йемен армиясы тарапынан аймақтағы америкалық кемелерге ешқандай шабуыл жасалған жоқ деп мәлімдеді.
Американың бір әскери ақпарат хатшысы бүгін дүйсенбі күні «Reuters» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Американың «USS MISSION» атты соғыс кемесіне Йемен жағалауларының маңында йемендік күштер зымыранмен сәтсіз шабуыл жасады деген уәж айтты.
Йемен 2015 жылдың наурыз айынан бері Сауд Арабиясы мен оның одақтастары тарапынан шабуылдарға ұшырап отыр. Осы уақытқа дейін шабуылдардан ондаған мың адам өліп жараланған.
Сауд Арабиясы Йеменге шабуыл жасаумен Йеменнің отставкадағы президенті Абд Раббу Мансур Хадиді билікке қайтаруды мақсат етіп отыр.