Қаз 18, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Мосулды лаңкестерден тазарту әлемдік қауіпсіздік үшін көмек

Иранның Исламдық кеңес мәжілісінің халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Ирак армиясының Мосулды лаңкестерден тазарту үшін жасап жатқан үлкен операцияларын әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көмек деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша Иранның Исламдық Кеңес мәжілісінің халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдуллахиян дүйсенбі күні Теһрандағы Нидерланды елшісімен кездесуде Ирак үкіметі мен армиясы және халқының ДАИШ лаңкестік тобымен шынайы және айбынмен күресінің Мосулды азат ету әрекетін кесімді еткенін қуаттап: «Әлемнің барлық елдері, әсіресе батыс елдері аймақтағы лаңкестік топтардың әрекеттеріне жауапты. Олар жасанды емес, шынайы  әрекеттерімен лаңкестердің әрекеттеріне тосқауыл қоюы керек» деді.

Теһрандағы Нидерландының елшісі де сол кездесуде сөйлеген сөзінде Нидерландының Иранның Еуропа Одағындағы үшінші сауда серіктесі екендігін айтып, үкіметтің, әсіресе Нидерланды Парламентінің Иранмен екіжақты байланыстарды кеңейтуді жылдамдатуға мүдделік танытатынын мәлімдеді. 

 

Тегтер