Путин мен Башар Асад Сириядағы өзгерістер жөнінде телефон арқылы сұхбаттасты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i16468-Путин_мен_Башар_Асад_Сириядағы_өзгерістер_жөнінде_телефон_арқылы_сұхбаттасты
Ресей мен Сирияның Президенттері телефон арқылы лаңкестікпен күреске қатысты соңғы өзгерістер жөнінде сұхбаттасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 20, 2016 16:17 Asia/Almaty
  • Путин мен Башар Асад Сириядағы өзгерістер жөнінде телефон арқылы  сұхбаттасты

Ресей мен Сирияның Президенттері телефон арқылы лаңкестікпен күреске қатысты соңғы өзгерістер жөнінде сұхбаттасты.

«Al-Alam» ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, осы сұхбат барысында Сириядағы лаңкестікпен күреске қатысты соңғы өзгерістер және осы елдің дағдарысын шешуге бағытталған  талпыныстар талқыланды.

Путин: «Ресейдің Сирияға қатысты позициясы тұрақты. Мәскеудің лаңкестікпен күрес және Сирияның аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған шаралары жалғасын табады»,-деп қуаттады.

Сирия Президенті Башар Асад та Сирияны қолдағаны үшін кейбір елдердің Ресейге қарсы қысымдары мен кедергілеріне қарамастан, Мәскеудің халықаралық сахнада жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтты.  

Асад, сондай-ақ, Сирияның лаңкестікпен күресте байсалды екенін қуаттап: «Мұнымен бір мезгілде ұлттық бітімге қол жеткізу және елді дағдарыстан шығару үшін саяси үдерістерді іске қосуға талпыныстар жасалып жатыр»,-деп сөзін жалғады.