Ирактық күштер Мосулдағы операциялық аймақтарда алға ілгерілеуде
Халықтық ерікті күштер - Хашд аш-Шаабидің қолбасшылары ирактық күштердің Мосулдың барлық операциялық аймақтарында алға ілгерілеп жатқанын хабарлады.
«Alalam» арнасының хабарлауы бойынша, Ирак халықтық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Әли әл-Хамдани бүгін сәрсенбі күні ирактық күштер Мосулдың түрлі аймақтарында алға ілгерілеуінің жалғасында ДАИШ лаңкестері орналасқан ең маңызды аймақтардың бірі саналатын «Хамзе» аймағына жақындап, осы аймақты қоршап алғанын мәлімдеп: «Халықтық ерікті күштердің осы қолбасшысы ирактық күштердің «Хамзе» аймағына жақындауымен бомба орнатылған көліктер жөнелтудің, тіпті кейбір аймақтарда ирактық күштердің тұрғыларын минометпен атудың жолы жабылды» деді.
Сонымен бірге Ирактың халықтық күштері Хашд аш-Шаабидің Нейнава облысының Талль-Афар қаласында тұратын үш мың түркіменнің Мосул қаласын азат ету қимылдарына қатысатынын мәлімдеді.
Ирактық біріккен күштер қазірге дейін ДАИШ-пен шайқаста Мосулдың көптеген аймақтарында алға ілгерілеген.