Сауд Арабиясының Йеменге қарсы сөздері жалған
Ливандағы Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының бас хатшысы Сауд Арабиясының йемендік күштердің Мекке қаласына зымырандық шабуылы туралы уәждерін негізсіз деп атады.
Ливандағы Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының бас хатшысы шейх МаҺер Хамуд: «Саудиялықтар Йемендегі «Ансаролла» күштеріне қарсы мұсылмандардың ашуын қоздыру мақсатында «Йемен Меккеге зымырандық шабуыл жасады» деген өтірік таратып отыр. Мұндай сөздер – масқарашылық. Осындай өтірік таратудың мақсаты Йеменнің «Ансаролла» халықтық күштеріне қарсы мұсылмандарды арандату болып табылады» деді.
Йеменнің Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні кешке Сауд Арабиясының батысында орналасқан Джиддадағы «Малек Абдолазиз» атындағы әуежайға қарай "Burkan-1" баллистикалық зымыран атқанын хабарлады. Саудияның хабар көздері қоғамдық пікірді арандату мақсатында жұма күні «Йемендік күштерге тиесілі бір баллистикалық зымыран Йеменнің Сааде қаласынан қасиетті Мекке қаласына қарай атылды» деген уәж айтты.