Қаз 30, 2016 18:02 Asia/Almaty
  • Палестиналықтар «Кофр-е Ғасем» қылмысының жылдығында шеру өткізді

1948 жылы Палестинаның басып алынған жерінде болған «Кофр-е Ғасем» қылмысына алпыс жыл толуына байланысты палестиналықтар сенбі күні Кофр-е Ғасем ауылында ауқымды шеру өткізді.

Шерушілер ұрандар тастап, сионистік режимнің қылмыстарын, әсіресе Кофр-е Ғасем ауылындағы қылмысты айыптады.

1956 жылы 29 қазанда сағат 17:00-ден сәл асқанда сионистік режимнің армиясы алдын ала жариялаусыз палестиналықтардың Кофр-е Ғасем атты ауылында бақылау-өткізу пунктерін орнатты. Майор Шамуэль Малинеки бір қысқа жиналыста сионистік режим армиясы штабының бұйрығын орындау үшін өзінің қол астындағыларға сағат 17:00-ден кейін өз ауылдарына қайтып оралатын палестиналықтарды жаппай қыруға бұйрық берген. Сөйтіп, сионистердің Палестинадағы «Дейр-Ясиннен» кейінгі екінші ең үлкен қылмысы орын алды. Сионист әскерилер Кофр-е Ғасем ауылында тұратын 49 палестиналық әйел-бала мен еркекті қанға бөктірді.

Мұның алдында, дәлірек айтқанда 1948 жылдың 9 сәуірінде Палестина басып алынып, Израиль режимі жарияланғанға бір ай қалғанда сионистер Бейтулмұқаддастың батысындағы  Дейр-Ясин ауылына шабуыл жасады.  Бұл амалда «Иргон» лаңкестік ұйымының 800 мүшесі қоршауға алынған Дейр-Ясин ауылына шабуыл жасап, көбісі әйел-бала болған 245-тен астам палестиналықты шәһид етті.

Осы қорқынышты оқиғалар сионистік режимнің  ұйымдасқан терроризм және басқыншылықтың арқасында пайда болғанын және қырып-жою, террор жасау, адам құқығын бұзу, соғыс қылмысын жасаумен өзінің заңсыз өмірін жалғастырып жатқанын көрсетеді.

Сионистік режим Ұлыбритания мен АҚШ-тың қолдауымен және Иргон, Хагана және Эштерн сияқты сионистік-террористік ұйымдардың саясында құрылды.

Бұл ұйымдар әрдайым сауда орталықтары, дүкендер мен автобустар сияқты қоғамдық орындарда Палестина халқын жаппай қыру әрекеттерін жасап отырған. Осылайша тынышсыз әрі қорқынышты кеңістік тудырып, Палестина халқын өз үйлерін тастап, отандарынан қашуға мәжбүрлеген.  

Сионистік режим пайда болғаннан бері әлем халықтары осы режимнің Палестина халқы мен арабтарға қарсы сансыз қылмыстарына куә болып келеді. Кофр-е Ғасем мен Дейр-Ясинде палестиналықтарды өлтіру және осы режимнің Газаға үш рет ауқымды шабуыл жасауы, яғни 2009 жылғы 22 күндік соғыс, 2012 жылғы 8 күндік соғыс және 2014 жылғы 50 күндік соғыс – осының барлығы сионистік режимнің  қылмыстарының бір бөлігі ғана. Бұлар әлем халықтары алдында аталмыш режимнің қылмыскер әрі адамзатқа қарсы болмысын әшкерелей түседі.

Израиль қылмыстарының ауыр болғандығы соншалықты, бұл режим олардың іздерін жасыру үшін халықаралық тілшілер мен бақылаушылардың қылмыс жасалған жерлерге баруына көпке дейін тыйым салып келді. Әрине сионистік режимнің жасыруға бағытталған әрекеттеріне қарамастан, оның қылмыстарынан қалған іздердің қорқынышты болғаны соншалықты, әлемдегі қоғамдық пікірді қатты толғандырды. Қоғамдық пікірдің қысымымен әлемдік қауымдастық, соның ішінде БҰҰ ақиқат іздеуші комитет құру арқылы осы режимнің қылмыстарының көлемін әлем халықтарына анықтап беруге сан рет талпыныс жасады. Алайда сионистік режимнің кедергілері мен АҚШ-тың осы режимді қолдауы кей жағдайларда тіпті ақиқат іздеуші комитет мүшелерінің басып алынған Палестина жеріне баруына кедергі болды.  

Осыдан бұрын БҰҰ-ның «Голдстоун» деп аталатын зерттеу комитетінің Газа халқының 22 күндік соғыста қырып-жойылуы туралы есебі де басқа халықаралық есептер сияқты толық әрі жан-жақты болғанына қарамастан тікелей БҰҰ Адам құқығы кеңесінің мұрағат бөліміне жіберілді. Осылайша әлем ешқашан Израильді сот алдында көрмеді.

Алайда палестиналықтардың Израильдің қылмыстары мен қырып-жоюларының жылдығына орай шеру өткізуінің мынадай жолдауы бар: ешқашан мұндай қылмыс ұмытылмайды, Палестина халқы өз елінің арманына жеткенге және сионист қылмыскерлерді жасаған қылмыстары үшін халықаралық сотқа бергенге дейін тынышталмайды.

 

 

Тегтер