Израильдік әскерилер палестиналық баланы ұрып-соқты
Сионист әскерилер палестиналық баланы жабылып, соққыға жықты.
«Felestin al-Youm» ақпарат торабының жексенбі күнгі мәліметі бойынша, сионист әскерилер әлгі палестиналық баланы Иордан өзенінің батыс жағалауының орталығы Рамалла қаласының батысында орналасқан «Битония» аймағында нысанаға алды.
Палестина Қызыл Жарты Ай Қоғамы палестиналық бір баланың израильдік әскерилер тарапынан соққыға жығылып, қолы мен аяғының сынғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ «Alalam» телеарнасының хабарлауынша, сионист әскерилер жексенбі күні таңертең Иордан өзені батыс жағалауының оңтүстігінде орналасқан әл-Халилдің солтүстік- шығысына баса-көктеп кіріп, ол жерді жабық әскери аймақ деп жариялап, осы аймақта тексеру амалдарын жүргізді.
Сионистік режим өзінің нәсілшілдік саясаты шеңберінде Құдс шәріпті еврейлендіру және палестиналық аймақтарды көбірек басып алу мақсатында әрдайым түрлі сылтаулармен Палестина халқына қарсы өз шабуылдарын арттырып отыр.