Қар 01, 2016 17:11 Asia/Almaty
  • Мосулдың шығысында бірінші аймақ Кокджели босатылды

Мосулды азат ету операцияларына қатысушы ирактық күштер Мосул қаласының шығысындағы бірінші мекен ретінде Кокджелиді босатты.

«Меһр» ақпарат агенттігінің  мәліметі бойынша, Нейнава облысы кеңесінің мүшесі Хисамаддин әл-Абар дүйсенбі күні: «Қауіпсіздік күштерінің Кокджелиге кіруі ирактық күштердің басқа аймақтарды өз бақылауына алу саласында жасаған маңызды қадам»,- деді. Ол Кокджелидің азат етілуін ДАИШ-тың қорғаныс шебін құлдырату деп бағалады.

Кокджели – Мосулдың шығыс кіреберісінде орналасқан өнеркәсіптік аймақ. Кокджели мен Мосул қаласының әкімшілік шекараларының арасы бір километр.  

 

 

Тегтер