Қар 02, 2016 21:51 Asia/Almaty
  • Ирактық күштер Мосулдың әуежайына жақындады

Ирактық күштер Мосул іс- қимылдарында ілгерілеушіліктерін жалғастырып, осы қаланың халықаралық әуежайына жақындады.

Ирак полициясының қолбасшысы Шакер Джудет ирактық күштердің Мосулдың оңтүстігінде бірнеше ауылды ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан азат еткенін, халықтық ерікті күштердің де Мосулдың батысында орналасқан әс- Сейф көне төбесін өз бақылауына алғанын хабарлады.

Ирак армиясы қазірге дейін жүздеген шаршы шақырым мен ондаған елді мекенді ДАИШ лаңкестерінің шеңгелінен азат етіп, осы қаланың орталығына жақындап қалды.

 

 

 

Тегтер