Қар 04, 2016 19:11 Asia/Almaty
  • ДАИШ Әбубәкір әл- Бағдадидың қарамағынан шықты

Лаңкестікке қарсы америкалық коалицияның ақпарат хатшысы Джон Дориан ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір әл- Бағдадидың осы топқа қатысты биліктен айрылғанын мәлімдеп:

«Әбубәкір әл-Бағдадидың қарамағындағы ДАИШ лаңкестік тобының кейбір мүшелері Мосул қаласынан қашып кетті. ДАИШ лаңкестік тобы бейсенбі күні әл-Бағдадидың өз күштерін ирактық күштермен қарсыласуға шақырған дыбыстық үндеуін таратты» деді.

Лаңкестікке қарсы америкалық коалицияның ақпарат хатшысы осы дыбыстық үндеудің мазмұнына сілтеме жасап, әл-Бағдадидың лаңкестерге «өздеріңмен соғыспаңдар» деп айтқанын мәлімдеді.

ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері Мосулдың маңында Һамам әл-Әлил қаласының орталығында адам қалқаны ретінде пайдалану үшін ирактық отбасыларды жинады.

Мосулды азат ету амалдары 2016 жылдың 17- ші қазан күні Ирак премьер министрі Хайдер әл-Абадидің жарлығымен басталды. Осы іс- қимылдарға Ирак армиясының күштері, халықтық ерікті күштер мен күрдтердің Пишмарге күштері қатысып отыр.

 

 

 

 

Тегтер