Қар 05, 2016 22:37 Asia/Almaty
  • Ирактың халықтық күштері лаңкестік топтарды жоюды қуаттады

Ирактың халықтық күштерінің қолбасшысы Ирактағы лаңкестік топтарды толығымен жоюды қуаттады.

Ирактың халықтық күштері қолбасшыларының бірі Әбумахдеи әл-Мохандес «Alalam» телеарнасына берген сұхбатында Мосулды азат ету амалдарының сәтті болғанын және жүріп жатқанын мәлімдеп, Ирактың халықтық күштерінің Нейнава облысының 1300 шақырымын лаңкестерден тазартқанын айтып, сонымен қатар Түркия әскерилерінің Иракта болуын айыптап: «АҚШ пен Сауд Арабиясы барлау аппараттарының ДАИШ лаңкестік тобына қолдау көрсетуі осы лаңкестік топпен соғысты қиындатып, ұзаққа созып отыр» деді.

Мосулды азат ету амалдары Ирак полициясы, халықтық ерікті күштер, күрдтердің «Пишмарге» және тайпалық күштердің қатысуымен 17- ші қазанда басталды. Халықтық күштер осы қимылдарға жаппай атсалысып, осы уақытқа дейін 56 ауыл мен стратегиялық аймақты азат етті.

 

 

Тегтер