Сирияның Алеппо қаласында лаңкестердің көзі жойылды
Лаңкестердің Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының қоршауын бұзу үшін жасаған сәтсіз шабуылында кем дегенде 156 лаңкестің көзі жойылды.
«Әл-Алам» телеарнасының хабарлауы бойынша, Сирияның әскери күштері лаңкестердің Алеппоның батысына жасаған ауқымды шабуылы барысында 156 лаңкестің, соның ішінде, 70 шетелдік азаматтың көзін жойған.
Осындай жағдайда сенбі күні Алеппоның маңындағы майдандарда орнаған бірнеше сағат тыныштықтан кейін осы қаланың батысы мен оңтүстік-батысында лаңкестер мен Сирия әскері арасындағы қақтығыстар қайта басталды.
Сирия әскерінің әуе күштері мен артиллериялық батальоны Алеппоның оңтүстік-батысы мен оңтүстігіндегі Дахия әл-Асадтағы 1070 пәтерлік тұрғын үй кешеніндегі лаңкестердің позицияларын бомбалады.
Сирия күштері сонымен қатар Алеппоның батысындағы әскери академияның жерінде лаңкестік топтардың бір тыңшылық ұшқышсыз ұшағын құлатып түсірді.