Лариджани: Иран Сирияны қолдауды жалғастырады
(last modified Tue, 08 Nov 2016 01:54:54 GMT )
Қар 08, 2016 07:54 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран Сирияны қолдауды жалғастырады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран мен Сирияның байланысын терең әрі стратегиялық деп бағалап, Теһранның Дамаскті қолдауды жалғастыратындығын мәлімдеді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Теһранда Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меғдадты қабылдауында екі елдің байланыстарын терең, достық негізде және тарихи деп бағалап: «Сирияға қарсы шүйлігу шынайы болып отырған қазіргі жағдайда екі елдің саяси және экономикалық негіздегі ынтымақтастықтары ұлғаюы керек» деді.

Фейсал Меғдад та осы кездесуде Иранның Сирия халқына лаңкестікпен күресте көрсетіп отырған көмектеріне алғыс айтты.

 

 

Тегтер