Сирияда лаңкестік топтар арасындағы қақтығыстар шиеленісе түсті
Сирия әскері Алеппода маңызды жеңістерге қол жеткізіп жатқан жағдайда Сирияда лаңкестік топтардың арасындағы келіпеушіліктер артып отыр.
Ән-Носрат майданы лаңкестік тобы Сирияның оңтүстігіндегі Канитара облысында "Сирияны азат ету" әскері деп аталатын бір батальонның 6 мүшесін өлтірді. Бұл мәселе осы аймақтағы лаңкестік топтардың арасында келіспеушіліктердің артуына себеп болды.
Сирия ауыр күндерді басынан өткеріп жатыр. Сирия әскерінің лаңкестермен қақтығыстарының басты орталығы Алеппо қаласы болып табылады. Лаңкестер Алеппода Сирия әскері мен халықтық қоршауының қысымында болуымен қатар осы елдің басқа да аймақтарында бір-бірімен келіспей жатыр. Лаңкестік топтардың арасындағы алауыздық олардың арасында шамамен күн сайын қақтығыстардың орын алуына себеп болды.
Лаңкестік топтардың арасындағы алауыздықтың артуының басты себебі олардың әрекет ету және адамгершілікке жат қатыгездік жасау тұрғысынан ұқсас тәсілдерді пайдаланғанымен, болмыстық тұрғыдан бұл топтардың арасында шынайы айырмашылықтардың болуында. Сириядағы лаңкестік топтардың мүшелері 55-тен астам елден жиналған. Басқаша айтқанда, лаңкестік топтардың ортақ туған жерлері жоқ. Олар тек салафилік болмыстарына байланысты жиналған. Сондықтан, қылмыскерліктен басқа ортақ қасиеттері мен сезімдерінің жоқ болуы осы топтардың арасында жақындық пен түсіністіктің болмауына және олардың бір-бірімен келіспеуіне себеп болады. Олар Сирияның заңды жүйесімен соғысу мақсатында қызметке алынған жалдамалылар болып табылады.
Болмыстық келіспеушіліктер Сириядағы түрлі лаңкестік топтардың арасындағы қақтығыстардың жалғыз себебі емес. Сонымен қатар, бұл топтардың ішінде де шынайы алауыздықтар бар. Мысалы, Сирия қарсыластарының ұлттық коалициясының ішкі шынайы келіспеушіліктері осы коалицияның бөлінуі мен басқа топтардың құрылуына себеп болды.
Келесі бір мәселе – лаңкестік топтардың алуандығының Сирия дағдарысында рөл атқарып отырған трансаймақтық екі алпауыт Ресей мен АҚШ-тың арасындағы шынайы келіспеушіліктерге соқтыруында. АҚШ пен одақтастары Сириядағы қақтығысушы кейбір топтарды салафилік топтармен күресу үшін қолдап отырған жағдайда, Ресейдің пікірінше, лаңкестік және қарсылас топтар тек салафилік топтар және ДАИШ-пен шектеліп қалмай, Башар Асадтың заңды үкіметін құлату мақсатында әрекет етіп жатқан барлық топтарды да қамтиды.