Қар 14, 2016 16:02 Asia/Almaty
  • Әл-Ақса мешіті – палестиналықтардың маңызды мәселесі

Сионистік қалашық тұрғындары 13 қараша күні израильдік әскерилердің қолдауымен тағы да әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кірді.

Сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстары күнделікті және түрлі қалыптарда жалғасып жатыр. Қалашық салу, палестиналық тұрғындарды мәжбүрлі түрде көшіру, Газаны қоршауға алу  және әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіру әрекеттерін күнделікті қайталанып жатқан сионистік режимнің қылмыстарының қатарына жатқызуға болады.

Соның ішінде әл-Ақса мешітіне шабуылдардың жалғасуы палестиналықтар үшін маңызды мәселе болып отыр. Себебі әл-Ақса мешіті Палестинаның мұсылман халқының болмысының басты белгілерінің бірі болып саналады. Әл-Ақса мешіті – Палестинаның басып алынған жерлердегі тарихи тамырларының бірі. Сионистік режим әл-Ақса мешітінің исламдық болмысын жоюды көздеп отыр, бірақ режимнің бұл мақсаты Палестина халқының шынайы қарсыласуымен бетпе-бет келді. Әл-Ақса мешітіне шабуыл жасау осы уақытқа дейін палестиналықтардың Израильге қарсы екі интифазасының басталуына себеп болды.

2000 жылдың 28 қыркүйек күні Құдсты басып алушы режимнің сол кездегі премьер-министрі Ариэль Шарон сионистік әскерилердің бір тобымен әл-Ақса мешітіне кіріп, палестиналықтарға қарсы арандатушы әрекеттер жасап, "әл-Ақса интифазасы" деп аталған интифазаның басталуына себеп болды.

"Құдс интифазасы" деп аталған палестиналықтардың үшінші интифазасының басталуы  2015 жылдың 24 қыркүйек күні мұсылмандардың Құрбан айт мейрамы және  яһудилердің кешірім мерекесімен тұспа-тұс келді. Бұл күні Израильдің Ауылшаруашылық министрі сионистік қалашық тұрғындарымен бірге әл-Ақса мешітіне кірді. Бірақ олар әл-Ақса мешітінде намаз оқып жатқан палестиналықтардың сионистер тарапынан бұл мешіттің қорлануының алдын алу мақсатындағы қарсыласуымен бетпе-бет келді.

Сол себепті де әл-Ақса мешітін палестиналықтардың басты мәселесі деп  атауға болады. Бірақ сионистік режим осы қасиетті мекеннің абыройына бірнеше рет нұқсан келтіріп, бұл мешітті бөлу жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. БҰҰ-ның UNESCO ұйымы өткен қазан айында бір қарар бекітіп, яһудилердің әл-Ақса мешітімен байланысын теріске шығарды. Бұл қарарда әл-Ақса мешіті мен Харам-е Шарифтің исламдық атаулары ғана қолданылуымен қатар, сионистік режимнен осы қасиетті мекенге қарсы шабуылдары мен қалашық салу әрекеттерін тоқтату сұралған.

Халықаралық заңдарды, соның ішінде, БҰҰ-ның түрлі органдарының қарарларын бұрыннан бері бұзып келе жатқан сионистік режим әл-Ақса мешітіне қайтадан шабуыл жасап, UNESCO ұйымының өткен қазан айындағы қарарына тағы көзжұмбайлық танытты.

 

Тегтер