Егер Трамп лаңкестермен соғысса, Сирия оның одақтасы болады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i18097-Егер_Трамп_лаңкестермен_соғысса_Сирия_оның_одақтасы_болады
Сирия Президенті: «Егер АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп лаңкестермен соғысса, Дамаск оның одақтасы болады»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 16, 2016 14:04 Asia/Almaty
  • Егер Трамп лаңкестермен соғысса, Сирия оның одақтасы болады

Сирия Президенті: «Егер АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп лаңкестермен соғысса, Дамаск оның одақтасы болады»,- деді.

Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия Президенті Башар Асад сейсенбі күні: «Егер Трамп лаңкестермен соғысатын болса, сириялықтар, ресейліктер, ирандықтар және лаңкестерді жойғысы келетін басқа да мемлекеттер оның одақтастары болады»,- деген.  Сирия Президенті «Дональд Трамптан не күтесіз?» деген сұраққа берген жауабында: «АҚШ бейтараптық танытып,  халықаралық заңдарды құрметтеп, басқа елдердің ішкі істеріне араласпай, Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетуді тоқтатар»,- деген үміт білдірді.

Дональд Трамп дүйсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путнмен телефон арқылы сөйлесіп, Сирия Президентін лаңкестікпен күресу саласындағы ең жақсы кандидатура деп атаған болатын.