Қар 18, 2016 09:34 Asia/Almaty
  • Йеменде Саудияның тағы бірнеше жалдамалы күшінің көзі жойылды

Йемендік күштердің Саудия шапқыншылырының тұрғыларына жасаған шабуылы кезінде ондаған жалдамалы күштің көзі жойылды.

ИРНА-ның хабарлауынша, Йемен армиясы мен халықтық күштерінің осы елдің оңтүстігіндегі Таиз облысының әл-Вазе'айа қаласында Саудия әскерилерімен шайқасында Сауд Арабиясының кемінде 35 әскериі мерт болып, бірнешеуі жараланды.

Йемен армиясы сондай-ақ Таиздің оңтүстігіндегі әш-Шаджар тауларын өз бақылауына өткізіп, Сауд Арабиясының әскерилеріне зор шығын келтірді.

Йемендік күштер Саудия әскерилерінің Мариб облысының әз-Забаб аймағына жасаған шабуылының бетін қайтарды.

Сауд Арабиясының оңтүстігінде орналасқан Джазан қаласындағы базасы да Йемен армиясы зымырандарының нысанасына айналып, Сауд Арабиясының әскерилеріне көп нұқсан келтірілді.

20 айдан астам уақыттан бері Сауд Арабиясы Американың демеушілігімен Йеменнің отставкадағы президенті Абд Раббу Мансур Хадиді билікке қайтару желеуімен Йемен халқына қарсы жан- жақты соғыс ашып отыр.

Эр- Рияд күш жағынан теңсіз осы соғыста ешбір табысқа жетпегенімен қатар материалды және өлім-жітім тұрғысынан ауыр шығынға ұшырып отыр. Саудиялықтардың Йеменге жасаған 600 күн шабуылдары кезінде кемінде 11 000 адам қаза болып, 19 000 адам жараланған.

 

 

Тегтер