Бүгін имам Хосейннің (ғ.) қырқы – "Арбағин" күні
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i18322-Бүгін_имам_Хосейннің_(ғ.)_қырқы_Арбағин_күні
Исламдық Иран бүгін «Арбағинды» – хазірет имам Хосейн (ғ.с.) мен оның адал серіктерінің шәһид болғанына қырық күн толғанын аза тұтып жатыр.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 20, 2016 16:05 Asia/Almaty
  • Бүгін имам Хосейннің (ғ.) қырқы –

Исламдық Иран бүгін «Арбағинды» – хазірет имам Хосейн (ғ.с.) мен оның адал серіктерінің шәһид болғанына қырық күн толғанын аза тұтып жатыр.

Бүгін, жексенбі х.қ.ж.с.б. 1438 жылдың  сафар айының жиырмасы, сәйкесінше 2016 жылдың қараша айының жиырмасы шиіттердің үшінші имамы хазірет Хосейннің (ғ.с.) шәһид болғанына қырық күн толған күнге сәйкес келеді.

Хазірет имам Хосейн (ғ.с.) х.қ.ж.с.б. 61 жылы мұхаррам айының оны күні Кербалада 57 жасында шәһид болды.  Хазірет имам Хосейн (ғ.с.) Меккеден Кербалаға бара жатқан жолда шәһид болған күнге дейін: «Менің жолға шыққандағы мақсатым – Язидтің исламға қарсы үкіметін әшкерелеу, жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіру, зұлымдыққа қарсы тұру. Құран Кәрімді қорғап, Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с.) таратқан таза ислам дінін тірі сақтаудан басқа мақсатым жоқ»,-деді.

Иран халқы шиіттердің үшінші имамының қырқы күні «Тасуа» мен «Ашура» күндері сияқты хұсейниелер, мешіттер мен Мешхедтегі әлем шиіттерінің сегізінші имамы хазірет имам Резаның (ғ.с.) кесенесі мен қасиетті Құм қаласындағы хазірет Масуменің (ғ.) кесенесінде жиналып, аза тұту рәсімдерін өткізеді.

ИИР Телерадио бірлестігі хазірет имам Хосейн (ғ.) мен оның адал серіктерінің шәһид болуының қырқына орай барша мұсылмандар мен азаттықты сүюшілерге көңіл айтады.