Исламдық Иранның жер-жерінде Хосейннің (ғ.с.) қырқы-"арбағин" рәсімдері өтті
Исламдық Иранның жер-жерінде өткен «арбағин» рәсімдерінде Хосейннің (ғ.с.) есімі жаңғырды.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, шәһидтердің жетекшісі хазірет Абу Абдолла әл-Хосейннің қырқы-"арбағин" күні хазіреттің жақтастары Исламдық Иранның жер-жерінде мешіттер мен хосейниелерде жиналып, Хосейннің ұлы ерлігін еске алып, аза тұту рәсімдерін өткізді.
Иранның қаралы халқы елдің түкпір-түкпірінде қара туларды желбіретіп, аза тұту керуендерін ұйымдастыру арқылы шәһидтердің жетекшісін жоқтады.
Сонымен қатар, Хосейннің қырқы күні Кербала мұсылмандардың бірлігін паш ететін мекенге айналып, Байн ул-Харамин түрлі елдерден жиналған адамдарға лық толды.
Кербаланың көшелерін Ашура әуендері мен әндері кернеп, имам Хосейннің (ғ.с.) мешітіне апаратын даңғылда әртүрлі стиль мен әр түрде және әр тілде Хосейнге арналған шатырлар құрылды.
Имам Хосейнді (ғ.с.) аза тұтушылардың Наджафтан Кербалаға қарай жаяу жүру рәсімдеріне қатысуы зияратшылардың қалың нөпірін қасиетті Кербалаға жеткізетін Хосейннің шексіз тартымдылықтарының тек бір бөлігі ғана.