Ғасеми: Сауд Арабиясы басқа араб елдері үшін міндет белгілей алмайды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i18388-Ғасеми_Сауд_Арабиясы_басқа_араб_елдері_үшін_міндет_белгілей_алмайды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясының қайраткерлерін тиісті парасаттылықтан кенде деп атап: «Олар бұрынғы кейбір диктаторлар жүрген қате жолмен жүріп келеді» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 22, 2016 04:34 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Сауд Арабиясы басқа араб елдері үшін міндет белгілей алмайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясының қайраткерлерін тиісті парасаттылықтан кенде деп атап: «Олар бұрынғы кейбір диктаторлар жүрген қате жолмен жүріп келеді» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткізген апталық отырыста эр-Риядтың Иранның қатысуынсыз Парсы Шығанағы  елдерінің одағын құру және ислам республикасын Исламдық Ынтымақтастық ұйымынан шеттету жөніндегі ұсынысы туралы айтқан сөзінде: «Осындай ұсыныстарды талқылау Сауд Арабиясының ішкі қиыншылықтарынан туындап отыр.

Сауд Арабиясы сияқты ел ұзақ, тіпті орта мерзімде өзге араб елдері үшін міндет белгілей алмайды. Бұған қоса Иран ислам республикасы аймақтық және араб елдерімен жақсы байланысқа ие. Сауд Арабиясының тығырыққа тірелетіндігі даусыз» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистураның осы елдің бөлінуіне алғышарт әзірлейтін жобасы туралы: «Сирияға қатысты ұсынылатын жобалар кезеңдік. Олардың ешқайсысы осы уақытқа дейін Сирияның соғыс және  саяси жағдайының күрделілігіне байланысты нәтижеге жеткен жоқ.

Аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы тек аймақ елдерінің тілеулестігі және бір- біріне қол ұшын беруімен жүзеге асады. Бөгде және шетелдік күштердің аймаққа келуі ешқашан қиыншылықтарды шеше алған жоқ» деді.